Янукович Зеленскийге маңызды үндеу жолдады

4879
Adyrna.kz Telegram

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович қазіргі мемлекет басшысы Владимир Зеленскийге қантөгісті қалай болса да тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Януковичтің айтуынша, қақтығысқа қатысушы барлық тараптар бітімгершілік келісімді күтіп отыр.

"Менсіз-ақ сізге кеңес беріп, ақыл айтатын жандардың көптігін білемін, бірақ жеке өзіңіз қандай жағдайда да қантөгісті тоқтатып, бейбіт келісімге келуге міндеттісіз. Мұны Украина да, Донбасс та және Ресей де сізден күтуде. Сізге украин халқы да Батыстағы серіктестер де риза болар еді», - делінген экс-президенттің үндеуінде.

28 ақпанда, 3 және 7 наурызда Беларусь аумағында Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің үш раунды өтті. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету туралы түсіністікке қол жеткізді.

Келіссөздердің төртінші раунды жақын арада өтеді, деп бұған дейін Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы, Мәскеу делегациясының мүшесі Леонид Слуцкий мәлім етті.

Еске салайық, Ресей Украинада әскери операциясын 24 ақпанда бастаған болатын. Президент Владимир Путин оның мақсатын «сегіз жыл бойы Киев режимі тарапынан зорлық-зомбылық пен геноцидке ұшыраған адамдарды қорғау» деп атады. Ол үшін, оның айтуынша, «Украинаны демилитаризациялау және деназияландыру» жүргізу керек, Донбасста «бейбіт тұрғындарға қарсы қанды қылмыстар» үшін жауапты барлық әскери қылмыскерлерді жауапқа тарту жоспарлануда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер