«Оператор РОП» компаниясының бұрынғы бас директоры 20 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

1988
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Оператор РОП» ЖШС  экс-бас директоры Светлана Коротенко 20 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында компанияның 20 млрд теңгеден астам қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен Коротенко қамауға алынды. Ол 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Оператор РОП» ЖШС басқарған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер