Үндістан азаматтары - визасыз тәртіптеме

1995
Adyrna.kz Telegram

2018 жылғы 23 cәуірден және 31 желтоқсанға дейін Астана мен Алматы арқылы үшінші елдерге қазақстандық әуекомпаниялармен транзитпен ұшатын Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз тәртіптеме қолданылады. Тиісті ҚР өкіметінің қаулысына үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде қол қойылған.

 «Эйр Астана» Алматыдан Делиге күнделікті, ал Астанадан аптасына 3 рет Airbus және  Embraer жайлы заманауи ұшақтарымен қатынайды. Қазақстан мен Үндістан елордаларын байланыстыратын тікелей рейс 2017 жылдың ортасында ашылған.

Алматы-Дели бағыты бойынша эконом-кластағы және бизнес-кластағы екі жаққа билет құны тиісінше 83 200 және 390 498 теңгеден басталады, Астана-Дели бағыты бойынша 83 052 және 390 351 теңгеден басталады.

Екі ел арасында әуебайланыстың басталған сәтінен 570 мыңға жуық жолаушы және 5,6 мың тонна жүк тасымалданған. Делиден транзиттік жолаушыларға Киев, Ыстамбұл, Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Новосибирск, Бейжің, Үрімші, Тбилиси және Бішкек қалаларына ыңғайлы түйісу рейстері ұсынылады. Жалпы «Эйр Астананың» транзиттік ағыны 2018 жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда 62% ұлғайған, және қазір жалпы жолаушы ағынының 30% құрайды.

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының азаматтарына іспеттес визасыз тәртіптеме әрекет етеді.


«Эйр Астана» АҚ

Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

Пікірлер