Украинаға опасыздық жасағандардың тізімі жарияланды

4334
Adyrna.kz Telegram

Мелитополь мэрін орыс басқыншылары ұрлап кеткеннен кейін саяси ойынға жергілікті саясаткерлер ішінен сатқындар кіріп, қаланы орыстарға берді. Олардың арасында қалалық кеңестің бірнеше оппозиция депутаттары, Запорожье облыстық кеңесінің депутаты және жергілікті телеарнаның жетекшісі болды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Антон Геращенко Telegram-да сатқындардың есімдері мен суреттерін жариялады. Ол сондай-ақ олардың қайсысы қалалық билікті басып алуда қандай рөл атқарғанын айтты:

  • Запорожье облыстық кеңесінің депутаты Евгений Балицкий Ресей Федерациясымен байланысқа жауапты болды және барлық процестерді басқарды;
  • Мелитополь қалалық кеңесінің депутаты Галина Данильченко басқыншылар тарапынан қала әкімінің м.а. болып тағайындалды;
  • Мелитополь қалалық кеңесінің депутаттары Олег Бандурин, Юрий Онищук және Александр Барыбин - Данильченконың орынбасарлары;
  • «ЛНР» Бас Прокурорының кеңесшісі Максим Обухов күштік шығыршық үйлестіруге жауапты;
  • Мелитополь қалалық кеңесінің депутаты Александр Фалько – көлеңкелі қаржы мен қылмыскерлерді үйлестіруге жауапты;
  • "МТВ Плюс" телеарнасының жетекшісі Олег Шостак - үгіт-насихат жұмыстарына жауапты.

"Мен жаумен ынтымақтастыққа барғае сатқындарды жек көремін. Жаратқанның алдында ғана емес, сонымен бірге халық сотының алдында да жауап беретін сатқындардың тізімін жариялап жатырмын", - деп жазды Геращенко.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер