Илон Маск Украинадағы соғысқа байланысты Путинді жекпе-жекке шақырды

4416
Adyrna.kz Telegram

Америкалық өнертапқыш, кәсіпкер және миллиардер Илон Маск Украинадағы соғысқа байланысты Ресей көшбасшысы Путинді жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Атап айтқанда, Маск жекпе-жектен спарринг ұйымдастыруды ұсынды.

"Мен Владимир Путинді жекпе-жекке шақырамын. Ұтыс - Украина",- деп жазды Маск.

Сондай-ақ, ол «Сіз бұл жекпе-жекке келісесіз бе?» деп толықтырып, Кремль аккаунтын белгіледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер