Елордадағы мектептерге қазақтың ұлы тұлғаларының есімі берілді

2918
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды

Нұр-Сұлтандағы бірқатар мектептерге Дінмұхамед Қонаев пен басқа да белгілі тұлғалардың есімдері берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы мынадай мектептерге тұлғалардың аттары берілді:

  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 11 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 49 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 69 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Роза Бағланованың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 66 мектеп-лицейі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 77 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 83 мектеп-гимназиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімін беру туралы қаулы қабылдады.

Қаулы қолданысқа енді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер