"Аса ірі көлемде қаржы жымқырды": Қайрат Боранбаевқа қатысты істің мән-жайы ашылды

3289
Adyrna.kz Telegram

Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты істің мән-жайын ашты. Күдікті деп танылған қазақстандық кәсіпкер  2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген агенттіктің Telegram-арнадағы хабарламасында.

17 наурызда Боранбаевқа қатысты сот екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Тергеу жалғасып жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - деп мәлімдеді агенттік өкілдері.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер