НАТО-ға ұсынылған Украина әуе кеңістігін жабу туралы петиция миллиондаған дауыс жинады

3557
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Атлантикалық альянсқа Украинаның үстіндегі әуе кеңістігін жабу туралы петиция-үндеу 1 миллионнан астам дауыс жинады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Петицияның сөзбе-сөз мағынасы: «Біз, әлем халқы, НАТО-ға мүше елдерден Украина әуе кеңістігін жабуды, қорғауды және Украинаға НАТО бітімгершілік әскерлерін жіберуді, Киевке әскери көмек көрсетуді және Украина халқын қолдауды сұраймыз. Мысалы кезінде Израильге көрсетілген көмектей».

Неліктен бұл маңызды: Соғыс басталғаннан бері Украина аспаны азаматтық авиация үшін жабық. Бірақ ресейлік әскери ұшақтар Украина қалаларына әуеден шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарға зымырандық және бомбалық шабуылдарды жалғастыруда.

Аспанның жабылуы аспанды әскери ұшақтармен күзетіп, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен қорғайтынын білдіреді. Аспан жабылған кезде жабық аймаққа ұшатын барлық әскери ұшақтар атып түсіріледі.

Петицияға қол қойған адамдар НАТО-дан Украина аспанын жабуды сұрап отыр. Егер НАТО аспанды жауып тастаса, оның әскери күштері әуе шабуылын күзетіп, тыйымды бұзған ұшақтарды атып түсіретін еді.

НАТО мұны істеуге асықпайды, өйткені бұл НАТО-мен Ресей арасындағы алауыздыққа әкеп соғуы мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер