Петропавлдағы жылу электр орталығындағы құбырды жел ұшырып әкетті (ВИДЕО)

4746
Adyrna.kz Telegram

Петропавлдағы ЖЭО-2 құбырын жел ұшырып әкетті, деп жазады "Адырна". Бұл туралы әкімдік хабарлады.

«№1 мұржаның жоғарғы бөлігінің ішінара опырылуы болды. Қалған екі мұржа жұмыс істеп тұр. ТЖД мәліметінше, қирауға қатты жел (10 м/с дейін) себеп болған. Оқиға орнында жедел әрекет ету тобы, өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен жедел жәрдем жұмыс істеуде. Құлағанға дейін 4 қазандық және 5 турбоагрегат жұмыс істеп тұрған. Сағат 19:30-да екі қазандық пен үш турбоагрегат сөндірілді. Сағат 00:00-де екі резервтік қазандықты іске қосу жоспарлануда», - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдіреш.

Құбырдың бір бөлігінің опырылуы 20 наурыз күні кешке болған. Құрылымның салмағы бірнеше мың тонна, биіктігі 150 метр. Ғимарат 1961 жылы пайдалануға берілген.

Пікірлер