Путин газды Еуропа мен АҚШ-қа рубльмен сатпақ

3279
Adyrna.kz Telegram
Фото:Kremlin.ru
Фото:Kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин көгілдір отынды Еуропа елдері мен АҚШ-қа ресей рублімен сату туралы шешімін мәлімдеді. Бұл туралы ол үкімет мүшелерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Тауарларымызды Еуропалық одаққа, АҚШ-қа жеткізіп, төлемді доллармен, еуромен және бірқатар басқа валютамен алудың мағынасы жоқ екені түсінікті. Сондықтан мен қысқа мерзімде төлемді аудару бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруды ұйғардым. Көгілдір отын достастық жоқ елдерге Ресей рублімен жеткізіледі. Яғни, мұндай есептеулерде барлық валюталарды пайдаланудан бас тарту керек", - деді Путин.

Ол Ресей табиғи газды бұрын жасалған келісімшартта бекітілген көлем мен баға белгілеу қағидаттарына сәйкес жеткізетінін атап өтті.

"Кейбір әріптестерден айырмашылығы, біз сенімді серіктес және жеткізуші ретіндегі беделімізді бағалаймыз. Өзгерістер тек ресейлік рубльге ауыстырылған төлем валютасына ғана әсер етеді", - деді Ресей президенті.

Айта кетейік, АҚШ Конгресі өкілдер палатасы 10 наурыз күні Ресейден энергетикалық ресурстарды, яғни мұнай мен газды импорттауға тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдаған болатын.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер