DANA NURMUKHANBETOVA: Қытайда жемқорды атады, Ресейде жемқорлар ел басқарады

1846
Adyrna.kz Telegram
Фото: РБК
Фото: РБК

Ресейдің КТК-ның 35 метр секунд желмен зақымданды дегендері өтірік сияқты. Ресейден бәрін күтуге болады. 79% мұнай сол трубалар арқылы сатылатын. Күнімізді Ресей мен трубаларға қаратып қойған атамыз бен бай қыздары қайда қазір? Олардың ешнәрсесі кетпейді. Бүкіл жиған тергенін шетелде ұстайды. Мұнда қиналатын қара халық болады. Кешегі НұрОтанды мақтағаның атаңды мақтағаның. Сол адамдар қалай ұялмай жүр екен дим да. Бірақ құдай оларға ұят бермепті. Енді Аманатты мақтап жүр. Атамыз бүкіл экономиканы жеке пайдасы үшін құрбан қыла салды. Енді сырттан тауар алуымыз үшін де одақ елдерінен рұқсат алуымыз керек. Одақтас не айтады сол болады әрине.

Біздің бүкіл экономика Ресей үшін жұмыс істеп келді. Ресей ТМД аумағына кіретін алып компаниялардың заводтарын өздеріне соғып, бізге тек өнім сататын. Біз жәй тұтынушы едік. Тайота жаппай мінгенімізбен ол да Ресейде құрастырылатын. Ол аздай көліктерге қосымша утильсбор мен первичный номерді қоса төлетіп қойды. Ресей енді жабық экономика болады. Қытай да жабық экономика. Бірақ Қытайда жемқорларды атады. Ресейде жемқорлар ел басқарады. Айырмашылық осы жерде.

Сабит Рысбаев

Пікірлер