Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай белгісіз снаряд ұшырды

2270
Adyrna.kz Telegram
Фото: antikor.com.ua
Фото: antikor.com.ua

Оңтүстік Корея мен Жапонияның әскерлері Солтүстік Кореяның Жапон теңізіне қарай белгісіз снаряд ұшырғанын хабарлады.  Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары Солтүстік Кореядан белгісіз снаряд ұшырылғанын анықтап хабарлаған.

Жапон үкіметі де бұл ақпаратты растап, оның баллистикалық зымыран болуы мүмкін екенін айтқан. Жапония жағалау күзеті кемелерді зымыран суға құласа, оған жақындамай, сақ болуға шақырды.

Оңтүстік Корея әскерлері, бұл биылғы жылдың басынан бері КХДР снарядының 11-інші ұшырылымы екенін атап өтті. Бұған қоса, АҚШ пен Оңтүстік Корея КХДР Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі) қарарларын бұзып, 2017 жылдан бері алғаш рет толық қашықтыққа ұшатын құрлықаралық баллистикалық зымыранды (ICBM) ұшыруға дайындалуы мүмкін екенін ескертті.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер