АҚШ Украинаға 100 миллион доллар көлемінде қосымша көмек көрсететінін жариялады

2656
Adyrna.kz Telegram

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Украинаның ішкі істер министрлігіне шекараларды қорғау, тәртіпті сақтау және маңызды мемлекеттік инфрақұрылымды қорғау үшін қосымша 100 миллион доллар көлемінде көмек көрсетуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі RT арнасына сілтеме жасап.

Қаржыландырудың ұлғаюы Украинаның Мемлекеттік шекара қызметі мен Украинаның Ұлттық полициясы үшін жеке қорғаныс құралдарының, далалық техниканың, тактикалық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, броньды машиналар мен байланыс құралдарының тұрақты ағынын қолдауға мүмкіндік беретіні атап өтілген.

«Америка Құрама Штаттары Украина ішкі істер министрлігінің мүмкіндіктерін жақсарту үшін азаматтық қауіпсіздікке қосымша 100 миллион доллар көмек көрсетуге ниетті», - делінген Блинкеннің мәлімдемесінде.

Бұған дейін АҚШ Украинаға гуманитарлық көмекті қаржыландыру үшін қосымша бір миллиард доллардан астам қаражат бөлуге дайын екені хабарланған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер