Аяусыз тепкілеп кетті: Жезқазғанда жаппай төбелес орын алды (ВИДЕО)

4531
Adyrna.kz Telegram

Жезқазғанда жаппай төбелес орын алды. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жас жігіттердің төбелесі 25 наурыз күні болғанымен, оқиғаның мән-жайы бүгін ғана белгілі болды. Әлеуметтік желіде төбелестің видеосы тарап кетті. Жазбаға қарағанда, төбелеске шамамен жеті жігіт қатысқан.

Бейнежазба құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмады. Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Полицейлер бұл жанжалдың 25 наурызда Жезқазған қаласында болғанын анықтады. Жезқазған полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті ретінде 17-18 жас аралығындағы төрт жас жігітті ұстады", - деп хабарлайды Қарағанды қаласы ПД ​​ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер