Петропавлдағы 2-ЖЭО-да тағы да апат болды

3320
Adyrna.kz Telegram

26 наурызда сағат 21.30-да Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі. Ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.

"Қазір кәсіпорында екі қазандық пен екі турбина бар. Желілік судың температурасы 43-37 градус Цельсий", - деп хабарлады Петропавл әкімдігі.

Компания түсіндіргендей, ЖЭО-2-де барлығы 12 қазандық орнатылды: біреуі толығымен ауыстыруға дайындалып жатқандықтан, бөлшектелді. Биылғы қыста орта есеппен 7-8 қазандық жұмыс істеді, мұржаның бір бөлігі опырылғаннан кейін бірінші кезектегі қазандықтар тоқтап, бесеуі жұмыс істеп тұрды», - дейді «Севказэнерго» АҚ баспасөз хатшысы Лилия Шерина.

Сондай-ақ олар ЖЭО-2-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын қоса айтты. Олардың қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавл қаласындағы ЖЭО-2-де бір мұржа опырылып түскен болатын. Оқиғадан кейін бір тәуліктен астам уақыт өткен соң құтқарушылар кәсіпорынның маманын іздестірді. 22 наурызда үйінді астынан 38 жасар жұмысшының денесі табылды. Прокуратура оқиғаға қатысты тергеуді жалғастыруда. 22 наурызда «ЖЭО-2» ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыс орталығындағы ЖЭО-2 60 жылдан астам жұмыс істеп келеді. 2021 жылдың қараша және желтоқсан айларында кәсіпорында екі рет оқыс оқиға орын алды. Екеуінде екі қазандық істен шықты. Одан кейін қаланың бірнеше ауданы жарықсыз қалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер