Зеленскийдің үндеуінен кейін Норвегия Украинаға қажетті қару-жарақ жіберді

6658
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзінен кейін Норвегия Украинаға Ресей агрессиясынан қорғану үшін әскери көмек көрсететінін мәлімдеді. Атап айтқанда, Украина Қарулы күштеріне 4 мыңға жуық танкіге қарсы қару-жарақ жеткізіледі, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Норвегия Қорғаныс министрлігі Украинаға 2 мың M72 танкке қарсы қару-жарақ жеткізгенін хабарлады. M72 LAW-бір рет қолданылатын танкке қарсы гранатометке ұқсайтын жеңіл танкке қарсы қару.

Украина президенті Владимир Зеленский Норвегия парламентінің алдында сөйлеген сөзінде мемлекетті NASAMS зениттік зымыран жүйесі мен "Гарпун" кемеге қарсы зымырандармен қамтамасыз етуге шақырды.

«Сіздер қамтамасыз ете алатын барлық қарулар тек біздің және сіздердің бостандықтарыңызды қорғау үшін пайдаланылады», - деп сендірді Мемлекет басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер