«Алатау» театрында соңғы үш айда атқарылған іс-шаралар

3084
Adyrna.kz Telegram

Қазақ театры. Өткені, бүгіні және ертеңі. Қайсысына тоқталсақ та айтар нәрсе аз емес. Ал елімізде көрешекті көреміз деп емес, келешекке нық қадам басқан «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алар орны қашанда бөлек. Дәстүрлі өнермен синтезделген қойылымдарымен өзгеше өзіндік форманы басшылыққа алған өнегелі өнер ордасының мақсаты айқын, міндеті зор. Аталмыш театрда соңғы үш айда атқарылған іс-шаралар төмендегідей:

Ринат Рифхатұлы Заитовтың басшылығындағы театрда 2022 жыл – «Балалар жылы» аясында 15, 16 ақпан күндері «Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері мен дәстүрлі әндерден құралған балаларға арналған музыкалық қойылымның премьерасы болды. Осылайша өнер ұжымдары арасында алғашқы болып, балаларға арнап, эстафетаны бастады. Сонымен қатар «Ән-Мұхит» дәстүрлі музыкалық драмасы (18 ақпан), «Абай-Тоғжан» қойылымы (22 ақпан), «Мұқағалимен сырласу» поэтикалық кеші (24 ақпан), «Әгугай мен Игигай» музыкалық қойылымы (25 ақпан), «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші (28 ақпан), «Еліме мың алғыс!» Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерті (1 наурыз), Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VI республикалық жас ақындар айтысының финалы – 3 наурыз (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Assyltas қоғамдық қоры, Оразалы мектебімен бірге), 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға тағзым» атты концерт – 4 наурыз (Алматы қаласы Алатау ауданының әкімдігімен бірлесе), «Әгугай мен Игигай» қойылымы (9, 10, 11, 12, 22 наурыз), «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші (16 наурыз), «Наурыз-Думан» ойын-сауық ән кеші (18 наурыз), Наурыз мейрамына арналған театрландырылған сахналық қойылым (22 наурыз), «Әсем әуен мен көркем қимыл» сазды би кеші, премьера (31 наурыз) өтті.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры – ұлт рухының жаршысы.

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры
Әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Пікірлер