Сарапшы: Қазақстан - екі жүзді әрі сенімсіз одақтас ел

3571
Adyrna.kz Telegram

"Қазақстан сенімсіз одақтас, оның басшылығы екі жүзді, Ресей бұл мемлекетпен қарым-қатынасын қайта қарауы керек" деп 31 наурызда REGNUM тілшісіне МГИМО әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы Михаил Александров айтты, деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

Еске салайық, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов EURACTIV-ке берген сұхбатында Қазақстан Ресей Федерациясын қолдамайтынын және Ресейге қарсы санкциялар режимін сақтауға ниетті екенін мәлімдеген.

«Сүлейменовтің «Қазақстан ЕО мен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларын айналып өту құралы болмайды» деген мәлімдемесі Қазақстан басшылығының бұрыннан келе жатқан екіжүзділігін көрсетеді», - деді сарапшы.

Қазақстан қиын жағдайда оған сенуге болмайтын сенімсіз одақтас, деп атап өтті саясаттанушы.

Қазақстан өзінің географиялық орналасуына және сыртқы нарыққа шығатын транзиттік жолдарының шектеулілігіне байланысты Ресеймен ынтымақтасуға, ЕАЭО және ҰҚШҰ-ға мүше болуға мәжбүр. Дегенмен, ол бұл ынтымақтастықты бір жақты жол ретінде қарастырады, мұнда олар өздерінің бас пайдасы үшін бірнәрсе алып қалсам дейді, көмекке келгенде түк жоқ», - деді Александров.

«Бұл жағдайда да Қазақстан Батыспен байланысын сақтап қалуға тырысады, дегенмен ЕАЭО Батыспен енді бір режимде жұмыс істей алмайтыны анық. Демек, Қазақстан кіммен одақтас – Ресеймен бе, Батыспен бе, соны таңдауы керек. Егер бұл елдің Ресейге қарсы Батыс санкцияларынан кейін осы елге ілесуге ниетті екені белгілі болса, Мәскеу Қазақстанға экономикалық жеңілдіктер беруді тоқтатуы керек», - деп түйіндеді саясаттанушы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер