Болат Назарбаев «Есентай ситиді» рейдерлік жолмен басып алды деп айыпталды

7400
Adyrna.kz Telegram

Болат Назарбаев «Есентай ситиді» рейдерлік жолмен басып алды деп айыпталды, 5 сәуір күні қамауға алынған Алмас Әбдіғаппаровтың жұбайы Назарбаевтың қитұрқы әрекеттерін ашып, бар шындықты жария етпекші, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Елордада өтетін баспасөз мәслихатында қамауға алынған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың жұбайы Болат Назарбаевтың «Есентай ситиді» рейдерлік басып алу әрекеті туралы айтып бермекші.

Ольга Әбдіғаппарова БАҚ өкілдерінен ҰҚК басшысы мен Бас прокурорға жазған үндеуін жариялауды сұрайды. Ол алдау, бопсалау, ата-анасының басына төнген қауіп-қатер туралы егжей-тегжейлі айтып беретінін хабарлады.

Сондай-ақ Алматы полиция департаменті мен прокуратурасының кейбір адамдарының қолдауымен Болат Назарбаевтың өкілдері Әбдіғаппаровтардың 35% үлесін "AV-Construction"ЖШС-де қалай тартып алғанын айтып бермек.

"AV-Construction" Pricewaterhouse Cooper's компаниясының құны 100 млн долларға бағаланды, алайда Назарбаевтың адамдары  Әбдіғаппаровтың ата-анасына компанияның 25% акциясы үшін 27,5 мың теңге төлеп, ұлын босатып беруге уәде берген, бірақ соңында сөзінде тұрмаған.

Ал тергеу қамауға алынған кәсіпкер Әбдіғаппаровты «AV-Construction» ЖШС-дегі 10 пайыздық үлесі үшін 1 миллион доллар жымқырды деп айыптауға тырысуда. Осы уақытта Назарбаевтың адамдары AV-Construction-ды басқарған кезде одан 16 млн доллар алып шыққан.

Өтетін күні мен уақыты: 5 сәуір 14:00

Өтетін орны: Астана, "ФАВОРИТ" БО, Бөгенбай батыр даңғылы 56А, 20-кеңсе, 5-қабат

Байланыс: +7 701 218 5550 Ольга Әбдіғаппарова

+7 777 471 7140 Мадина Жатканбаева

+7 775 626 8258 Махамбет Абжан

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер