Луганскты да, Донецкты да мойындамаймыз - Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ

3957
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның әлі де бейтарап пікірлі ұстанатынын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Біз қазір Луганск халық республикасын да, Донецк халық республикасын да мойындамаймыз. Барлық санкциялар Еуропалық Одақ пен АҚШ тарапынан Ресейге қарсы бағытталған. Біз бұл санкцияларға қосылмаймыз,

— деді Мұхтар Тілеуберді.

Сондай-ақ, ол маңызды екі нәрсені айтып кетті.

Біріншіден, бұл санкциялардың Қазақстан экономикасының дамуына кері әсерін тигізбеуі маңызды. Екіншіден, біздің территориямыз бұл санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылмауы керек,

— деді Сыртқы істер министрі.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер