Өзбекстан мен Түркия кеңейтілген әскери келісімге қол қойды

1860
Adyrna.kz Telegram

Ташкент пен Анкара кеңейтілген әскери келісімге қол қойды. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі сәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл құжатқа Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстанға ресми сапары барысында қол қойылды. Оны екі республиканың қорғаныс министрлері – түрік тарапынан Хулуси Акар және өзбек тарапынан Баходир Курбанов мақұлдады.

Толық ақпарат берілген жоқ. Келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Ердоған Өзбекстанмен қорғаныс өнеркәсібінде ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеует бар екеніне назар аударды.

Президент Түркияның бұл саладағы жетістіктері айқын екенін, оның «үлкен әлеуеті бар» екенін және оны Өзбекстанмен бөлісуге дайын екенін атап өтті.

Өзбекстан-Түркия жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі отырысы басталар алдында сөз сөйлеген Ердоған Түркияның жан-жақты стратегиялық серіктесі, дос және бауырлас ел Өзбекстанға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Anadolu. Ол жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер