Мейрамбек пен Ғазизхан алдап кетті: Америка қазақтары шағымдануда

3885
Adyrna.kz Telegram

Америка қазақтары Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербековке алданып қалғандығын жазып, шағымдануда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Мына жақта масқара болып жатыр. Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербеков Американың Орландо қаласындағы қазақтарға концерт өткізбекші болған. Қазақтар мәз, неше түрлі штаттардан келген, билеттерді сатып алған, енді мына екі жұлдызымыз концертке келген жоқ. Қазақтар телефон соқса, "ойбай, концерт па" деп дым білмегендей отыр. Сонда мына видеоны кім жасаған? Екі ортада ұйымдастырушылар кінәлі болып қалды, залдың ақшасын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болды. Жігіттер, мыналарың ұят енді. Мына жақта ерігіп жүрген адам жоқ, барлығы жұмыс істеп ақша тауып Қазақстандағы туыстарын асырауда", деп жазды Айжан Хамит.

Ал видеода Мейрамбек Бесбаев:

"Ардақты бауырлар, 3 - сәуір күні Орландо қаласында жолығайық, наурызға келдік, осындағы қандастарымызды көруге келдік, араласайық: Сіздерді көріп қуанып жүрміз. Жақсы бір кеш өткізейік. Әсерлі болсын кешіміз. 3 сәуір Орландода кездесейік" дейді.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер