Құранды өртеп жіберген: Швецияда жаппай наразылықтар басталды

4347
Adyrna.kz Telegram
Фото: islamnews.ru
Фото: islamnews.ru

Данияның исламға қарсы Stram Kurs ("Қатаң курс") партиясын басқаратын әсіре оңшыл саясаткер Расмус Палудан Құранды өртеп жібердім және оны тағы қайталаймын деген сөзінен кейін Швецияның бірнеше қаласында төртінші күн қатарынан тәртіпсіздіктер жалғасуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, елдің шығысындағы Норчепинг қаласында үш адам жарақат алды, онда полиция зорлық-зомбылықты тоқтату үшін ескерту оқ жаудырған.

Тәртіпсіздіктер кезінде әсіре оңшылдар өз акцияларын өткізуді жоспарлаған Стокгольм, Линчепинг және Норчепинг маңындағы қалаларда 16 полиция қызметкері жарақат алған.

Бірнеше автокөлік өртеніп, оның ішінде полиция қызметкерлері, автобус жанып кетті. Швед баспасөзінің хабарлауынша, 25 адам ұсталды.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер