ӘБДІРАШИТ БӘКІРҰЛЫ: "Сауабын саудалағаннан" жақсылық күтуге болмайды..

4880
Adyrna.kz Telegram
Фото: ummet.kz
Фото: ummet.kz

БІР МЕШІТТІҢ АЛДЫНА: "Былай етсең 10 сауап, алай етсең 70 сауап аласың" деп жазып қойыпты...
Неткен сауда десеңші! "700 сауапты қалай етсек аламыз?" десек - жауап жоқ...

Оның орнына "Жақсы адам бол!" дей салса болмай ма?
Қазақ баласын осылай тәрбиелеген.
"Сауап іздеп арыңды сатпа" деп тәрбиелеген...
"Жұмаққа не тозаққа барасың" деп емес, "Жақсының артында із қалады, жаманның артында сыз қалады" деп тәрбиелеген...

"Сауабын саудалағаннан" жақсылық күтуге болмайды...

Мысалы, "Бір бес алсаң 5 мың аласың, екі бес алсаң - 10 мың аласың" деп оқытқан баладан ешқандай ғұлама-ғалым шықпайды...

Ғұлама-ғалым "Үздік оқу сенің қолыңнан келеді" дегенді естіп өскен баладан шығады!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер