Енді Z деген әріптен үркіп жүруіміз керек пе?

1942
Adyrna.kz Telegram

Журналист Ерқанат Көпжасар өз инстаграм парақшасында Z белгісіне қатысты өз қарсы пікірін білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қорыққанға қос көрінеді дейді. Енді Z деген әріптен үркіп жүруіміз керек пе?

Алматыда ресейлік блогерлер концерт береді екен. Ал оны ұйымдастырушылар яғни спонсорлары ZET ENERGY бренді. Бұл брендттің Қазақстан нарығында жүргеніне 5-6 жылдың көлемі болыпты.

Билеттер Zakaz билетов те сатылады екен. Сонда осы уақытқа дейін нарықта жүрген компаниялар атын ауыстыру керек пе?!

Мәселен ZTB медиа компаниясы, Zeta. KZ, Zeldom.kz, Zaimer.kz енді түгендей берсе жетеді мұндайлар. Мүмкін Z әрпін алфавиттен алып тастау керек шығар. Zет не зәт болды, не істейміз, ағайын?!,- деп жазды ол.

Жазба instagram

парақшасынан алынды

Пікірлер