Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болып тағайындалды

2937
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа ұйым мегаполисте шахмат мәдениетін дамытпақ. 

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, федерация 2024 жылға дейін төрт негізгі бағытты дамытуды жоспарлап отыр.

“Ол: тұрғындар арасындағы жаппай спорт, мектеп бағдарламасындағы шахмат, жоғары нәтижелі спорт, ардагерлерді қолдау”, – деді Жансая Әбдімәлік. 

Жоғары нәтижелі спортты дамыту аясында балалар-жасөспірімдер спортын қолдау, 8 және 18 жас аралығындағы спортшылардан Алматы құрамасын құру, Қазақстан, Азия, әлем чемпионаттарынан, сондай-ақ, 16 жасқа дейінгі балаларға арналған Олимпиададан жүлделі орын алу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

"Әрине, басты мәселелердің бірі қаржылай қолдау табу болып табылады. Себебі ақшасыз спорт федерациясының қызметі күрделенеді. Алматы шахмат Федерациясы кәсіби спортшылар мен шахматты сүюшілерге ең жақсы жағдай жасау мақсатында демеушілермен серіктестік орнату үшін әрдайын ашық", - деді 22 жастағы президент. 

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер