AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтеді

2140
Adyrna.kz Telegram

Бүгін AMANAT партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

«Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.

Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда», деп жазды Асхат Оралов әлеуметтік желіде.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер