Қырғызстан 9 мамырда «Z» әрпі бар киімдерді киюге тыйым салды

1998
Adyrna.kz Telegram
Фото ©РИА Новости
Фото ©РИА Новости

Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Жеңіс күнін атап өту кезінде «Z» әрпі бар киімдерді кимеуге шақырды. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қырғызстан ҰҚМК баспасөз қызметіннің мәліметінше, интернетте 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, Z белгісі бар әскери киімдер мен костюмдерді жалға беретін компаниялар көпшілік талқысына түскен.

«Ұлттық қауіпсіздік органдары карнавал костюмдерін жалға беретін ұйымдарды ұлтаралық араздықты қоздыруға ықпал ететін әскери киім мен «Z» символы бар костюмдерді жалға бермеуге, сондай-ақ, қала тұрғындарын 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай өтетін «Мәңгілік полк» шеруінде аталған киімді кимеуге шақырады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҰҚМК ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер