"Есемді қайтарар едім": Артаев Головкиннің орнында болса не істейтінін айтты

2903
Adyrna.kz Telegram
Ақтөбеде жастар арасында бокстан ел чемпионаты басталып, оған қонақ ретінде 2004 жылғы Афина Олимпиадасының чемпионы, бүгінде «Astana Arlans» клубының жетекшісі Бақтияр Артаев шақырылған. Prosports.kz тілшісіне сұхбат берген ол қазақстандық боксшылар туралы пікір білдірді деп хабаралйдыNUR.KZ.

– Бүгінгі таңда елімізде көп боксшылар әуесқойдан кәсіпқойға көптеп ауысып жатыр. Бұл қазақ боксына пайдалы ма?

– Әрине, қазақ боксы үшін пайдалы. Өйткені, осы арқылы әлем қазақ боксын түбінен тани бастайды. Геннадий Головкиннің өзін алайық. Қанат Ислам мен Бейбіт Шүменов бар. Осы үш жігіттің арқасында Қазақстанды қазір экономикалық немесе жас мемлекет қана емес, спорт мемлекеті ретінде тани бастады.

Қазір әлемнің қай жеріне барсаң да, осы үш жігіттің атын атасаң, танып жатады. Жас боксшыларымыз да ертең барған жерінен жеңіске жетіп жатса, нұр үстіне нұр ғой.

Олар еліміздің танылуына үлкен үлес қосып жатыр.

– Головкиннің соңғы жекпе-жегіне тоқталсақ. Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жек туралы ойыңыз...

– Бұл жекпе-жектің қалай аяқталатынын бүкіл халық білді ғой. Ванес табан астынан таңдалған қарсылас болды. Неге Деревянченко емес деген де сұрақ туындаған. Бірақ көбі жекпе-жек бесінші раундқа таман аяқталады деп күтті. Күткен нәтиже мерзімінен бұрын жасалды. Мартиросян Генаға ауыр қарсылас болды деп ойламаймын. Себебі, Ванестің деңгейі қандай, Геннадийдің деңгейі қандай екенін өздеріңіз де білесіздер.

– Енді Головкинге келесі қарсылас ретінде кімді таңдағаны дұрыс?

– Таңдауды маған салса, бірінші кезекте Деревянченкомен жұдырықтасып, өз титулымды қорғап қалар едім. Кейін Альвареспен кездесіп, есемді қайтарар едім. Кейін ғана Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізіп, барлық белбеуді жинап, сонымен мансабымды аяқтар едім.

__________________________________________________________________________________________________________ nur.kz

Пікірлер