Игорь Дужнов өмір бойы бас бостандығынан айырылды

2280
Adyrna.kz Telegram

Алматыда бес адамды өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сот 54 жастағы Дужновты екі полиция қызметкері мен сот орындаушысын, сондай-ақ үйінің жаңа қожайыны мен куәгерді өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

"Джуновқа қауіпсіз мекемеде өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалсын", - деп судья еркін Майшинов үкім шығарды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер