Конституциядан “елбасы” сөзі алынып тасталса да, Назарбаевты мемлекет қорғайды

3358
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Конституциядан Елбасының мәртебесі алынып тасталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Конституцияда тек қана мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана қалады. Сондықтан Конституция қабылданғаннан кейін, Тұңғыш президент туралы Конституциялық заң да күшін жояды деп күтілуде», — деді Қошанов.

Назарбаевқа қатысты экс-президент туралы норма қолданылады.

«Біріншіден, ар-намысы мен абырой-беделін қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау, яғни зейнетақысы, көлігі, күзеті бар. Осы мәселелер мемлекет тарапынан реттеледі», — деді ол.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер