Лукашенко: "Одақ құрамыз, оған посткеңестік елдер кіруге ұмтылатын болады"

3175
Adyrna.kz Telegram

Александр Лукашенко Ресей мен Беларусь арасындағы "Одақтас мемлекет" жобасын кеңейтуге шақырды. Ол бұл туралы Ресейдің Воронеж облысы басшысымен кездесуінде айтқан. 

"Сіздердің арқаларыңызда біз тамаша әріптестікке иеміз және жаңа принциптерге негізделген Одақтас мемлекет құруды іске асырудамыз. Тәуелсіз, жеке Ресей мен Беларусь өзара тиімді негізде дамысын дейміз. Менің ойымша біз құратын одаққа қосылғысы келетіндер саны көп болады, әсіресе посткеңестік елдер", — дейді Лукашенко. Бұл туралы https://t.me/adyrnaportal арнасы жазды.

"Одақтас мемлекет" жобасы 1997 жылы қабылданған болатын. 2021 жылы Путин мен Лукашенко жобаны дамытуға қатысты келісімдерге қол қойды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер