Лукашенко: “Құдайға шүкір, бізде диктатура” (ВИДЕО)

3215
Adyrna.kz Telegram

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Литва мен Латвия өз азаматтарына Беларуссиямен белгіленген визасыз режимді 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында пайдалануға рұқсат бермейді деп мәлімдеді. Ол сонымен қатар диктатураның демократиядан артықшылықтарына тоқталды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Католик Пасхасы алдында біз олар үшін шекараны аштық,  бірнеше күннен кейін Радоница. Бұрынғыдай Польшадан, Литвадан, Латвиядан келіп, әдеттегідей туған-туыстарының басына келсін. Визасыз рұқсат етілді. Олар өз халқын Белоруссияға жібермей отыр. Неліктен? Өйткені адамдар бізге келед де, тұз сатып алады. Оларда тұз жоқ! Ұлы, бай Батыс, бірақ тұз жоқ! Адамдар белорустар қалыпты өмір сүреді деп айтпауы үшін оларды жай ғана жібермей отыр. Міне, бұның бәрі демократия!» – деп атап өтті Лукашенко Гомель облысына жұмыс сапары барысында Чичерск қаласының тұрғындарымен әңгімесінде.

«Құдайға шүкір, бізде диктатура бар. Бәрің мені сынадыңдар: диктатура, диктатура деп. Бірақ бұл диктатурада тәртіп бар. Диктатура болмаса, осылай жалаңаш жүрер едіңдер »,-  деп қосты ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер