Орал тұрғындары кезекке тұрып қантқа таласуда

513

Оралдық тұрғындардың қантқа таласқан видеосы әлеуметтік желіде резонанс тудырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұған дейін "Уральская неделя" басылымы қантты үй маңындағы дүкендерден табу қиын екенін, ал ірі сауда желілерінде қымбат бағамен – келісі 700 теңгеге дейін сатылып жатқанын хабарлаған болатын.

"Алтын алма" базарының әкімшісі Наталья Григорьеваның айтуынша, қант мүлде болмағандықтан базарда дүрбелең жоқ.

"Қант наурыз айында жоғалып кетті, себебі Ресейден экспорт жабылды, кәсіпкерлер зардап шекті, оны еш жерден ала алмадық. Қазір қантты тек Ақсу мен Тараздағы қант өңдеу зауыттарынан аламыз, олар зауыттан сату бағасын 450 теңге көлемінде белгіледі. Оған көтерме бағамен сатушылардың қантты вагонмен жеткізу құны, сауда үстемесі қосылады. Қазір осы екі зауыт Қазақстанның бүкіл аумағына қызмет көрсететіндіктен тапшылық ұлғайып жатыр, жүк жөнелту кезегі қазіргі уақытта 100 вагоннан асады. Кім бірінші төлесе, сол бірінші болып алады, орташа күту уақыты – 1,5 ай", - дейді "Шанс" ЖШС көтерме сауда базасының коммерциялық директоры Лимар Сайфуллин.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket