Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылмақ

3033
Adyrna.kz Telegram

1 маусымнан бастап NCOC компаниясы жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандарының жұмысын тоқтатады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу - анағұрлым маңызды іс-шаралардың бірі және ол бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттіліктерге сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірісті қысқа кезеңге толық тоқтатуды көздейді. Қашаған кен орны өндірістік нысандарының жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу өндіру жүйесінің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, ҚР нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген міндетті іс-шаралар мен инспекциялардың жүзеге асырылуын, сонымен қатар өнімділікті және өндіру жүйесінің сенімділігін оңтайландыру мен одан әрі арттыруға арналған бірқатар жұмыстар мен жобалардың орындалуын көздейді. Көлемі 2 млн адам-сағаттан асатын ауқымды жұмыстарды 45 күн ішінде орындау жоспарланып отыр»,– делінген хабарламада.

Қашаған кен орны соңғы онжылдықтарда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып есептеледі. Оның өндірілетін қорлары бағалау бойынша 9-13 миллиард баррель мұнай аралығында. Қашағанда коммерциялық өндіру 2016 жылғы күзде басталды.

Пікірлер