Алматыда әскери қызметкерлер егде жастағы ер адамды өрттен құтқарды

2320
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
Алматыда әскери қызметкерлер егде жастағы ер адамды өрттен құтқарды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жөндеу базасының әскери қызметшілері Абылайхан Омаров пен Талғат Әбжанов ауласында автокөлік жөндеп жатқан еді. Көрші көшедегі түтінді көріп, көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген бетте олар өрт орнына дереу жүгіріп жеткен.
Қалың қара түтін жеке үйдің ауласында орналасқан ғимараттан шығып жатыр екен. Абылайхан мен Талғат дуалдан секіріп түсіп, жанып жатқан ғимараттан бір қарт адамды алып шықты. Әскери қызметшілер зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, медициналық және өрт сөндіру бригадаларын шақырды.
Өрт жапсарлас құрылыстан тұрғын үйге көшуі мүмкін деп қауіптенген ефрейторлар Омаров пен Әбжанов өртті сөндіре бастады. Оларға ТЖД қызметкерлері көмекке келді.
Зардап шеккен азамат Л., 1963 жылы туған. Ол үш дәрежелі күйік алып, №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
"Біздің орнымызда кім болса да осылай істейтін еді. Медициналық дайындық сабақтарында бізді өрт кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге үйретеді. Бірақ біз алған біліміміз өмірде кәдеге жарайдды деп ешқашан ойламаппыз", - дейді олар.
Өрт сөндіруде және адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен әскери қызметшілер "Ел қорғаны" ведомстволық медалімен марапатталды.
”Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер