Дебат турнирінің жеңімпаздарына білім гранты беріледі

4001
Adyrna.kz Telegram
Фото: goo.edu.kz
Фото: goo.edu.kz

Дебат турнирлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қомақты ақшалай сыйлықтар мен білім грантын алады. Биыл Қазақстанның 6 жоғары оқу орны 12 пікірсайысшы түлекке білім грантын берді. Бұл туралы  білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Дебат турнирінің 12 жеңімпазы Қорқыт ата атындағы университет, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Х.Досмұхаметов атындағы Атырау университеті, Тұран университеті, Satbayev University және Нархоз университетінде оқуға грант алды. Одан бөлек олар турнирлерге қатысқаны үшін грамоталармен, кубоктармен және 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Білім және ғылым министрлігі дебатты кеңінен насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда елімізде 120 944 адамды қамтитын 6 778 дебат клубы бар. Олардың арасында оқушылар да, студенттер де бар.

"Екі жыл бұрын 4 405 мектеп және студенттік клубта 66 186 пікірсайысшы болса, бүгінде олардың саны 120 мыңнан асты. Олар сындарлы талқылау өнерін үйренеді, басқа дебатшылармен достық және сыйластық қарым-қатынас орнатады. Сондай-ақ олар ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық белсенділігін арттырады. Биыл Балалар жылы аясында бес дебат турнирі ұйымдастырылады", - деп түсіндірді миинистрліктің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Бүгінде бес дебат турнирінің екеуі өткізілген. Оларға 500-ге жуық оқушы мен студент қатысып, кәмелетке толмағандарды оқыту, тәрбиелеу және олардың құқығын қорғаудың маңызды мәселелерін көтереді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер