Ресей мұнайынан бас тартқан Франция арабтармен байланысты арттырмақ

2489
Adyrna.kz Telegram

Франция билігі Ресейдің мұнайынан бас тартқаннан кейін Біріккен араб әмірліктерімен келіссөздерді бастады. Осылайша француздар өздеріне қажетті мұнай мен дизел отынын БӘА-дан тасымалдауды көздеп отыр. Францияның бұл бағыттағы жұмыстарын Bloomberg агенттігіне Францияның Қаржы министрі Бруно Ле Мэр айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өз кезегінде қаржы саласына жауапты шенеунік алдағы уақытта таза энергетиканы дамытуға да қомақты инвестиция салынып, жел мен теңіз толқынынан қуат көзін өндіретін нысандардың құрылысы басталатынын алға тартқан.

“Қазіргі таңда Францияға Ресейден келетін газ бен дизел отынының балама көздерін қарастырып жатырмыз. Бұл ретте Біріккен араб әмірліктерімен жұмыс істемек ойымыз бар. Бұл бағыттағы келіссөздер жүруде”, – деді Ле Мэр.

Фаранция президенті Эммануэль Макрон ЕуроОдақ жыл аяғына дейін Ресейден тасымалданатын мұнайды 92%-ға қысқартуды көздеп отырғанын айтты. Ол алдағы уақытта Ресейдің газына да эмбарго жариялануы мүмкін екенін тілге тиек етті.

ЕуроОдақ елдерінің Ресей мұнайына салған шектеуінен кейін Кремль мұнайдан түсетін 22 млрд доллар табысынан айырылуы мүмкін.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер