Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді - Тоқаев

2671
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өткен референдум туралы үндеу жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Құрметті отандастар! Кеше елімізде ерекше тарихи мәні бар оқиға болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата Заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. 

Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ конституциялық өзгерістердің мән-мағынасын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын", - деді Президент үндеуінде.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер