Индонезияда Димашқа арналған көрме өтеді

2167
Adyrna.kz Telegram
Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Джакартадағы Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтед, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

29 маусым мен 8 шілде аралығында өтетін іс-шараны Димаш Құдайбергеннің Индонезиялық фан-клубы Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігімен және Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Бұл іс-шара индонезиялықтардың көпшілігіне еліміздің мәдениетімен және Димаштың дауысымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, екі ел арасындағы достықты нығайтады.

Көрмеде Қазақстанның керемет сұлу табиғатының фотосуреттері, сондай-ақ жергілікті индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады. Сонымен қатар көрменің бірінші күні кітапхананың бас залында Димаштың концерттерінің бірінің көрсетілімі өтеді.

Пікірлер