Дауыл салдарынан 100 мың адам зардап шекті

3378
Adyrna.kz Telegram
Фото. ашық дереккөз
Фото. ашық дереккөз
Оахака штатын "Агата" дауылы талқандап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.
Аймақ губернаторы Алехандро Мурат шығындар есептелгенін, 28 мың баспана мен 191 мектеп қалпына келтіруді қажет ететінін хабарлады. Қазір көптен жылу жинау жүріп жатыр.

ТАСС мәліметінше, жалпы алғанда 100 мыңнан астам адам материалдық шығынға ұшырады. Апаттың салдарын жою үшін штаттың 69 муниципалитетінде төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккен халыққа шамамен 4 мыңға жуық әскери қызметші көмектесіп жатыр.

Тынық мұхиты үстінде пайда болған, Саффир - симпсон шкаласы бойынша бес санаттың екіншісін құрайтын дауыл 30 мамырда Оахака аймағында құрлыққа шығып, жан-жақты жайпап өтті. Циклонның салдарынан нөсер жаңбыр жауып, ол су тасқыны мен лай көшкінін тудырды.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, табиғи апаттан тоғыз адам қаза тауып тағы бесеуі хабар-ошарсыз кеткен.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер