Атырауда жаңа туған нәрестені құлатып алған

2011
Adyrna.kz Telegram
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Атырау перинаталдық орталығында үш күн бұрын өмірге келген нәрестені жас босанған әйелдердің бірі еденге құлатып алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Azattyq Rýhy"-на сілтеме жасап. 

Анасы рентгенге түсуге кеткен кезде нәресте жылайды. Палатада жатқан басқа әйел жұбату үшін оны көтермек болады. Алайда сәбиді қолынан түсіріп алады.

 "Жаңа туған сәбиге ми ишемиясы диагнозы қойылды. Оған оттегі жасанды тыныс алу аппараты арқылы беріліп жатыр. Сатурациясы – 93%. Геодинамикасы тұрақты, жүрек соғысы қалыпты. Неврологиялық симптом жоқ", - деп хабарлады перинаталдық орталық директоры Қанат Ермағамбетов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылған.

"Бұл оқиға егжей-тегжейлі тексеріледі. Қазір осы мақсатта арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Құлаған сәби компьютерлік томографияға түсірілді. Оның қорытындысы бойынша сәбидің денсаулығына қатты зақым келмеген", - деп мәлім етті Асхан Байдуәлиев.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер