Өзбекстанда қантқа талас болып жатыр

2199
Adyrna.kz Telegram
Фото: фейсбуктен
Фото: фейсбуктен

Өзбекстанда базарлар мен дүкендерде қант үшін бұрын-соңды болмаған дүрбелең байқалды,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

Жақында әлеуметтік желілерде Өзбекстан супермаркеттерінің бірінде сатып алушылар арасындағы дүрбелең көрінетін бейнеролик тарады. Оған ерлер де, әйелдер де қатысқан.

Желі қолданушылары Ташкент базарларында қант үшін кезек болып жатқанын жазып жатыр. Соның ішінде бұл жағдай "Куйлюк" базарында байқалады.

"Адамдар, айтыңыздаршы, неге мұндай жағдайға жету керек? Бұл - жай ғана жүйке жүйесін өлтіру. Суретте 10 мың сум тұратын қант үшін кезек. Бұл елдегі соңғы қант сияқты. Байғұс милиция концертте жүргендей тұр", - деп жазды өзбек астанасының тұрғыны фейсбук желісінде.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірнеше күн бойы Юнусабад дехкан базарында және басқа базарларда да болып жатыр. Ал билік өкілдері елде қанттың жеткілікті қоры барын, тапшылық болмайтынын айтқан.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер