Болат Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс тіркеуге алынды - дереккөз

3347
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты «Рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құзырлы органдарға тиісті мәлімдемені Нұрша Кәкенов жазған. Ол Karuan ЖШС иелерінің бірі болғанын, бірақ оның үлесін тартып алғанын айтқан. Кәсіпкер шағымында 150 миллион доллар шығын келтіргенін алға тартып отыр.

Ашық деректерге сүйенсек, Маңғыстау облысында марганец өндірумен Karuan ЖШС айналысқан. egov.kz порталында 2006 жылдың басында Нұрша Кәкенов серіктестіктің ортақ иелерінің бірі деп көрсетілген, ал сол жылы ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы Болат Назарбаев болған.

2018 жылдың ақпан айынан бастап компания екі заңды тұлғаға тиесілі. Ол өз жұмысын өткен жылы тоқтатқан.

Пікірлер