Қаржы мониторингі Болат Назарбаевқа қатысты қылмыстық істің тіркеуге алынғанын растады

3027
Adyrna.kz Telegram

Қаржы мониторингі агенттігі Болат Назарбаевқа қатысты қылмыстық істің тіркеуге алынғанын растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«БАҚ өкілдерінен түскен сұрауларға 2022 жылдың 17 маусымында Алматы қаласы прокуратурасынан Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне Н.Какеновтен «KARUAN» ЖШС-нің рейдерлік жолмен алынғаны туралы шағым түскенін хабарлаймыз.

Өтініште көрсетілген дәлелдер тексеруге жатады, оның нәтижелеріне құқықтық баға беріледі.

Басқа ақпарат жариялауға жатпайды»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Болат Назарбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғалды деген ақпараттың таралғанын жазған едік. 

Пікірлер