Мектепті жөндеу үшін ата-аналардан ақша жинауға бола ма? БҒМ жауап берді

3061
Adyrna.kz Telegram

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова мектепті жөндеуге ата-аналардан ақша жинау мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, мемлекеттік мектептер әкімдіктерге қарайды. Яғни, мектептерді жабдықтау, материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізілуі тиіс.

«Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдерден мектепті жөндеуге ақша жинауға болмайды. Биыл сәуір айында «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы қабылданды. Бұйрықта педагогтерді өздерінің жұмыстарына тән емес басқа жұмыстарға тартуға, олардан министрліктің 130-шы бұйрығында қаралмаған есептерді талап етуге болмайтыны нақты көрсетілген. Сонымен қатар педагогтер жұмыс барысында пайдаланатын қағаз немесе басқа да шығындарға өз қаражаттарын жұмсамауы керек. Бұл да осы бұйрықта көрсетілген»,- деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер