Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында тоққа түсіп, қайтыс болды

2317
Adyrna.kz Telegram

Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында тоққа түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«20 маусымда Есіл АПБ кезекші бөліміне жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерінен салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшы тоқ соққысынан қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қаза тапқан ер адамның бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде өмірмен үйлеспейтін ток соққысын алғанын анықтады»,— делінген хабарламада.

Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі (Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Пікірлер