Ақжарқын Тұрлыбай ісіне күдікті нигериялықты Қазақстанға экстрадициялауға сұрау жолданды

5487
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікке ілінген Нигерия азаматының ұсталғанын растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«20 маусымда Интерполдың орталық ұлттық бюросының сұрауына сәйкес, Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 2-бөлігі ("Ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне Нигерияда ұсталды. Қазіргі кезде оны қамауға алу және Қазақстанға экстрадициялау бойынша Интерполға қажетті материалдар жіберілді",– деп түсіндірді ведомство.

Пікірлер