Ресейде соңғы 100 жылда болмаған дефолт жарияланды

2294
Adyrna.kz Telegram

Bloomberg агенттігі Ресей өткен түнде сыртқы қарыздар бойынша дефолт жариялағанын жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл жағдай соңғы рет 1918 жылы, большевиктер Ресей империясының қарыздарын төлеуден бас тартқан кезде болды.

«Украинадағы жағдайдан кейін Ресей өзіне енгізілген санкцияларды айналып өтуге тырысты. Бірақ жексенбі күні 27 мамырда төленуі тиіс шамамен 100 миллион доллар көлемінде қаражаттың төлеу мерзімі аяқталды және егер ол қабылданбаған болса, бұл мерзім дефолт оқиғасы болып саналады», - деп жазды Bloomberg.

Ресей шетел валютасында төлей алмайды, ал оның рубльмен төлеу әрекеті қабылданбады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер