Семейде 3 жасар бала 6-қабаттан құлап, көз жұмды

2108
Adyrna.kz Telegram

Семейде 3 жасар бала алтыншы қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметі департаметінің айтуынша, қайғылы оқиға 27 маусым күні сағат 17:00-де Панфилов көшесінде болған.

«2019 жылы туған бала алтыншы қабатта орналасқан пәтердің ашық терезесінен құлап, қайтыс болды. Оның анасы көрші бөлмеде болды»,– деді ведомство.

Пікірлер